Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Актрисаларды хиджабсыз түсіргені үшін белгілі режиссерге дүре соғылып, бостандығынан айырылды

18:18, 09 мамыр 2024 550

Иран режиссері Мохаммад Расулоф қатаң жазаға тартылды. Сот оны ел қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасауды көздейтін ашық мәлімдемелер айтып, көркем және деректі фильмдер түсіргені үшін жазаға кесті.

Stan.kz мәлімдеуінше, ол лицензиясыз түсірілім жасап, актрисаларды хиджабсыз түсірді деп айыпталды.

Бұған дейін де ол жазаға тартылыпты. Алғаш рет 2010 жылы рұқсатсыз түсірілімге түскені үшін қамауға алынған. Бастапқыда ол алты жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кейін жаза бір жылға қысқарды.

2017 жылы шетелден оралған соң оған елден шығуға тыйым салынды. Расулоф үкіметті сынағаны үшін 2022 жылдан 2023 жылға дейін түрмеде отырды, бірақ денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босатылды.

Мохаммад Расулоф – көптеген киносыйлықтардың лауреаты және номинанты.

2020 жылы ол "Зұлымдық жоқ" жұмысы үшін Берлин кинофестивалінің "Алтын аю" сыйлығын алды. Сондай-ақ оның "Қасиетті інжір тұқымы" фильмі Канн кинофестиваліне қатысу үшін таңдалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар