Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында әйелі мен екі баласын пышақтап, өртеп жіберген адамға сот үкімі шықты

17:22, 02 маусым 2024 605

Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш кісіні өлтіру бойынша қылмыстық істі қарады.

Ер адам мас күйде әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген. Сосын үйдің есігін құлыптап шығып кеткен. Бірақ кейін оралып, 40 мың теңгені алып, үйді өртеп жіберген.

Сөйтіп ізін жасырған қылмыскерді таныған оқырмандар казинода жүретінін айтып, полицейлердің тез арада тауып алуына көмектескен.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген.

"Сот сотталушыны өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті", – деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар