Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматылық құтқарушылар Солтүсік Қазақстанға жетті

09:06, 13 сәуір 2024 333

Cәуірдің он үшіне қараған түні алматылық құтқарушылар Солтүсік Қазақстанға аттанды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Осы түні Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы Қарағанды облысының екі вахтасында СҚО-ның "Подгора" шағын ауданына су тасқынына қарсы іс-шараларға келді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамының 56 адамы Солтүстік Қазақстан облысының Подгора шағынауданына барған.

Алматылық құтқарушылардың мақсаты-80 жылдан бері болмаған су тасқынына қарсы тұруға көмек көрсету.

Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеудің тиімді жолдарын қарастырып, жөн-жобасын әзірлеуді тапсырған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?