Алматыда Art Sport бағдарламасы бойынша 1,7 миллиард теңге қарыз жиналып қалған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев өзінің Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
«Бұрын алған міндеттемелер бойынша қазір қарызымыз бар. Бірақ біз барлық қарызды өтейтін боламыз. Бүгінде ол шамамен 1,7 миллиард теңге болып тұр. Бізде бастапқыда 45 мың, қазір 100 мың бала болуы керек болса, өтініштер толастар емес. Ең бастысы , Art Sport бағдарламасының өзіне байланысты да айтарлықтай мәселелер бар» деп келтіреді әкімнің баспасөз қызметі Ерболат Досаевтың сөзін.
Оның айтуынша, бағдарлама орталық органдардың деректер базасымен біріктірілмеген.
— Біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз, жазғы каникул кезінде қаржыландыру мәселесін шешеміз, содан кейін Премьер-Министр Мәдениет және спорт, сондай-ақ білім министрліктері әзірлеуді тапсырған жаңа ережелерге көшеміз, – деді Ерболат Досаев.