Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алматы - Қорғас" жолы. 120 млрд теңге желге ұшты ма?

06:41, 29 қараша 2023 236
Бұған дейін төселген барлық битум жолдар құқықтық актілерсіз салынған. Салақтықтың салдарынан бетон көтеріліп, жол қозғалысына кедергі келтіруде екені айтылған болатын. Үкімет отырысынан кейін журналистер бетонның қалай көтеріліп жатқаны жөнінде көлік министрінен жауап алды, деп хабарлайды alash.kz.


Кез келген құрылыс басталмас бұрын ең алдымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Қазақстан бойынша жол саласында 1200 түрлі-түрлі нормативті база бар. Қазір істеліп жатқан жұмыс – 1200 түрлі базаны бірыңғай 50 базаға келтіру. Оның ішінде бүгінде 70-тен астам жаңа технологиялар мен жаңа материалдар әртүрлі тәсілмен қолданылады. Нормативтік-құқықтық база бір түрмен ғана болмайды. Ал бетонды жолдардың не үшін атылып жатқаны жөнінде айтатын болсақ, Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы салынғанда Оңтүстік өңірлерде күннің жылуына байланысты бетон атылды. Ол жақтағы деформациялық жіктер әр мың метрде салынған. Сол деформациялық жіктерді қазір 350 метрге дейін азайту керек болып отыр. Яғни мың метрлік салынған жолдардың арасындағы сол жолдар күннің қатты ыстығына төтеп бермей атылып жатыр, – деді көлік министрі.

«Алматы-Қорғас» бағытындағы бетон жолдың салынуы жөнінде мамандар әу баста бұл жолдардың қате салынғаны жөнінде мәселені көтерген еді. «Аталған жолға бөлінген 120 миллиард теңге желге ұшты ма?» деген тілшінің сауалына көлік министрі жауап берді.
120 миллиард теңге бүкіл жолдың құрылысына кетті. Бірақ эксплуатация жасаған соң бірден қате деп айтуға болмайды. Эксплуатация уақытында ескірген жолға қандай температуралық режимнің жетпей жатқанын ескерсек, тағы да қосымша шешім қабылдайсың. «Алматы-Қорғас» бағытындағы жолды біз де барып көрдік. Жақсы жол. Десе де кез келген жол күтіп ұстауға байланысты болады, – деді Марат Қарабаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар