Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда "Анашым, мен тірімін!" атты фильмнің көрсетілімі өтеді

18:09, 02 қазан 2024 474

2024 жылдың 3 қазаны, сағат 18:30-да Алматы қаласы, Достық даңғылы, 104 мекенжайындағы "Арман" киноорталығында "Анашым, мен тірімін!" атты фильмнің көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы.

Көрсетілім белгілі қазақстандық режиссер Азиз Заировты жарқын еске алуға арналған. Сонымен қатар, аналарға, әсіресе басынан ауыр сынақ өткеріп жатқан ата-аналарды қолдауға, балаларының онкологиясымен күресуіне демеу танытуға бағытталады.

Бұған қатысты ақпараттық хатта: 

Азиз бай шығармашылық мұра қалдырды. Мүгедек болғандықтан, ол әрдайым мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге көмектесіп, оларды фильмдерінде түсірді. Азиз қазақстандық кинематографты әлемдік деңгейде лайықты таныстырды! "Анашым, мен тірімін!"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша," SKLF " Studio-ның қолдауымен құрылған, - деп жазылған. 

Сондай-ақ, 3 қазаннан бастап бұл фильм Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Степногорск, Шымкент, Түркістан, Ақтау қалаларында көрсетіледі. Жалға берілетін қаражаттың бір бөлігі балалар үйінің түлектері қауымдастығындағы "Амила" онкологиялық науқастарға және жетім балаларға көмек қорына жұмсалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар