Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы жер сілкінісі: қала әкімдігіне ерекше мәртебе беру ұсынылды

08:38, 25 қаңтар 2024 232
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек таяуда Алматыда болған жер сілкінісіне тоқталып, бірқатар бастамалар ұсынды. Бұл туралы ол депутаттық сауалында айтты.

Мәжілісменнің айтуынша, жер сілкінісі кезінде Алматы әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі «анық әрекет етті», жедел штаб отырысын өткізіп, байланыста болды.
"Басқару және жақсы үйлестірілген ұйымдастыру жұмыстары өте маңызды. Бірақ кешегі жер қыртысының тербелісі әртүрлі амплитудамен 10 сағат ішінде бірнеше рет қайталанды. Барлығы 22 афтер сілкініс болды. Бұл салаға қатаң және іргелі стандарттарды енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Алматының және еліміздің басқа да аса қауіпті аймақтарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Базарбек.

Мәжілісмен атап өткендей, Қазақстанда жер сілкінісінің жойқын зардаптарын болдырмау және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша заңнамалық деңгейде бірқатар шешімін таппаған мәселелер бар.
« Мәслихат пен әкімдікке қала аумағын дамыту ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша қосымша құзырет түріндегі ерекше мәртебе беру қажет», - деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?