Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мүлдем тамақ істемеймін". Баян Алагөзованың қызы үй шаруасын атқармайтынын, қызметші ұстайтынын мәлімдеді

16:26, 16 қараша 2024 792

Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, өзінің жүктілік кезеңі, болашақ жоспарлары және күнделікті өмірі туралы айтты. Сонымен қатар, өзінің мүлдем тамақ дайындамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy  порталына сілтеп.

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле қазіргі уақытта үшінші сәбиін күтіп жүргенін және жүктілік кезінде салмақ қосу мәселесіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

«Үш рет те жүктілік кезінде салмағым шамамен 12–13 килограмға артты», – деді ол.

Оқырмандар Айсәуледен үй шаруасына, әсіресе тамақ дайындауға қатысты сұраған кезде, ол:

«Мен мүлдем тамақ пісірмеймін», – деп мойындады.

Сонымен қатар, Айсәуле өз айналасындағылардың, оның ішінде қызметкерлерінің де жақсы өмір сүруін қалайтынын айтты. Ол бала күтушілері мен көмекшілеріне жоғары жалақы төлейтінін және олардың жағдайлы болуына әрдайым қолдау көрсететінін атады.

«Мен үшін айналамдағы адамдардың барлығы жақсы тұрмыс кешкені маңызды. Оған өзімнің үлесімді қосамын», — деді ол.

Айсәуле өзінің шынайылығымен және өмірге деген позитивті көзқарасымен оқырмандарын тағы да тәнті етті. Қазіргі таңда ол отбасына көңіл бөліп, болашақ нәрестесін күтіп жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар