Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлназарова жұмысын МӘМС жүйесін реттеуден бастамақ

08:32, 08 ақпан 2024 291
Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сенат отырысында өз жұмысын МӘМС жүйесін реттеуден бастайтынын айтты.

Әлназарованың сөзінше, МӘМС жұмысында нақты нәтиже жоқ.
«Жұмысымызды президент тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Президенттің нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысында нақты нәтиже жоқ. Осыған байланысты МӘМС-ке сын көзқараспен қарап, жұмысты өзгерту мәселесін қарастырамыз. Кеше осы жұмысты бастап кеттік десек те болады», - деді ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сонымен қатар, ол бұл жүйені қалыпқа келтіру үшін шетелден мамандар тартатынын да айтты.
«Алайда (бұл мәселеде) тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі, халықпен жұмыс істеу керек. Сондықтан мұнда асығыс шешім қабылданбауы керек. Тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі, қателесуге болмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар