Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмола облысында сотталғандарға 61 млн теңге бөлінді

06:55, 08 ақпан 2024 263

Ақмола облысында сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу үшін бюджет қаражатынан 61 млн теңге бөлінді.


Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл қаражат оларға материалдық көмекпен (ең қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді сатып алу, құжаттарды дайындау және т.б.) бірге психологиялық (психологтың қызметі, білім алу) көмек көрсету үшін жұмсалады.



2017 жылдан бастап облыста үкіметтік емес ұйымдарға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қаражат бөлінбеген. Облыс прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдармен бірнеше рет жұмыс кездесулері өткізіліп, бұл мәселе облыс прокуратурада өткен екі ведомствоаралық кеңесте көтерілді. Нәтижесінде уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы ағымдағы жылға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, делінген хабарламада. 

Фото: pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар