Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтын келінім ас үйде ұйықтап қалыпты, үстін орап қойдым". Енесінің келініне көрсеткен қамқорлығы желі қолданушыларын сүйсінтті

14:54, 04 қазан 2024 834

"Алтын келінім ас үйде ұйықтап қалыпты, үстін орап қойдым" деген жазбасы бар видео әлеуметтік желі қолданушыларын қуантты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Енесінің келініне көрсеткен қамқорлығы желі қолданушыларын сүйсінтті.

Алланың берген Аманатқа перзентеріміздің Жаратқан Әрбір Ата Анаға қызығын көрсетсін Тек жақсылыққа толы күндеріміз көөөп болғай! - деп жазды автор.

Видеода енесінің серілін қалжалаптып, сорпалатып, күтіп көрсетіп жатқаны байқалады. Желі қолданушылары ақ тілегін жаудырып, жақсы тілектерді жарыса жазуда:

Келін алып, босанып жатса, осылай қалжалап күтем. Бұл менің 40 күндік міндетім. Сондай күнге жеткізсін Аллам. Мен қалжа дегенді, күтіну дегенді көрмедім. Перзентханадан келе салып, бір минут отырмадым;

Сіз сияқты көргенді енелер көбейе берсін! Қандай дана әйелсіз, көз тимесін;

Ене келінді 40 күн қалжалап баптаса, келін ата-енені өмір бойы батайды. Келін көргенін жасайды, - деп жазды олар.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?