Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алименттен қашқан: Ер адам әйелін өлтіруге киллер жалдаған

12:05, 16 мамыр 2024 516

19 сәуір күні үш баланың анасы Первова Ксенияны күйеуі жалдаған киллер өз үйінің кіреберісінде соққыға жыққан. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.

Ксения мен балалар үйлеріне қайтып бара жатты. Ол лифттен шығып келе жатқанда бетперде киген қылмыскерді кездестірді. Ол оның басынан қатты затпен ұрған (бұл тас екені белгілі болды). Басынан бірнеше мәрте соққы алғаны белгілі болды. Құтылып шығып, көршісінің есігін қағып, көмек сұрап үлгерген. Киллер кейін бет-бейнесін өзгертіп, киімін шешіп, басқа адамдай кейіп танытқан. Ксения ауруханаға түсті, оның маңдайы мен басы 6 жерден тігілген. 

Қылмыскер ұсталып, жауап алу кезінде Ксенияны өлтіру үшін жалданғанын мойындап, тапсырыс берушінің аты-жөнін айтты. Бұл оның үлкен қызының әкесі Евлоев Мұхмат болып шықты. Ер адам Ксенияны алименттен бас тартуды талап етіп бірнеше рет қорқытқан. Жәбірленушінің айтуынша, 13 жыл бойы ешқашан материалдық көмек көрсетпеген, алимент бойынша 4 миллион теңгеге жуық қарызы бар.

Кісі өлтіруші екі айға қамауға алынып, «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Қызының әкесі 15 күн абақтыға қамалып, қазіргі таңда бостандықта жүр. Ксенияның пайымдауынша, оны өлтіруге тапсырыс берген адамның «мықты таныстары мен ақшасы болуы мүмкін». 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар