Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Анасына айтпай Түркияға алып кеткен". 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды

11:22, 25 мамыр 2024 523

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы 3 жасар баланы елге қайтарды.Түрік әріптестерімен және Анталиядағы Қазақстан консулдығымен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде бала өз еліне оралды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Интерпол Ұлттық орталық бюросының хабарлауынша, бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға алып кеткен. Оның Өзбекстан арқылы Түркияға өткені белгілі болды.

Бұл жағдайды білген әйел полиция қызметіне жүгінген. Қазіргі уақытта бала анасымен табысты. Қазақстанға қайтарылғаны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?