Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Йемен порттарына «Томагавк» зымырандарымен шабуыл жасады

11:15, 06 қазан 2024 301

АҚШ Йемендегі хуситтерге қарсы ракеталық соққылар жасады , деп хабарлайды Alash.kz CNN деректеріне сүйеніп . CNN мәліметінше, бұл соққылар атомдық "Флорида" сүңгуір қайығынан "Томагавк" зымырандары арқылы жүзеге асқан. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның хуситтермен күрес жүргізу мақсатындағы бірлескен әскери операциясының бөлігі болды. Соққылар Йемендегі хуситтердің дрондарды шығару орындары, қару-жарақ қоймалары, радиолокациялық жүйелер мен баллистикалық зымырандарды ұшыру алаңдарына бағытталды.

Йеменнің Ходейда және Сана қалаларында жарылыстар орын алғаны хабарланды. Хуситтер бұл шабуылдарға жауап ретінде зымырандар мен дрондар арқылы қарсы шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл соққылар Қызыл теңіздегі хуситтердің коммерциялық және әскери кемелерге жасаған шабуылдарының алдын алу мақсатында жасалған болатын

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?