Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде бейтаныс ер адам дәрігерді үйінің балконынан кіріп зорлықпен өлтірген (ВИДЕО)

15:33, 23 сәуір 2024 756

Ақтөбе облысында бейтаныс ер адам дәрігерді өлтіріп кетті. Бұл туралы белсенді Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылды. Дина Таңсәрі полиция департаменті «Адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткенін айтады.

«Қыз - эндокринолог. Мамандығын 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен.», - деп жазды қоғам белсендісі өзінің фейсбук парақшасында.


Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел - дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.

«Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар