Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетімдер үйінен асырап алған 2 жасар баланы әжесі өлтіріп, бақшаға көмген

09:23, 23 сәуір 2024 788

65 жастағы Шуцинск тұрғыны балалар үйінен асырап алған балаларын ұрып, біреуін төрт жыл бұрын өлтіріп, үй ауласына көмген. Бұл туралы Alash.kz KTK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған. Асырап алушы асығыстықпен туу туралы куәлікті араластырып алған болуы мүмкін. Содан полиция күдіктінің отбасына баруды ұйғарды. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын көз жұмғанын анықтаған. Оның мәйіті бақшаға жерленген.

Қазір тергеушілер кісі өлтіру мен ұрып-соғуға 30 жастағы әйелдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл отбасында балалар үйінің жетім балалары патронаттық тәрбиеге, қорғаншылыққа немесе асырап алуға алынған. Арнайы тексеріс басталды.

“Баланың денесі табылған соң қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін 2018 жылғы баланың мерт болғаны анықталған, алайда тиісті мемлекеттік органдарға өлім және жерлеу фактісі туралы хабарланбаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық және бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар