Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде жоғалып кеткен баланың денесі Елек өзенінен табылды

12:08, 08 маусым 2024 425

Ақтөбеде төрт күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі маңайдағы Елек өзеннен табылды, деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бойында аутизмі бар Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалғаны хабарланған еді. Өкінерлігі, баланың денесі Елек өзенінен өзеннен табылды.

Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының маңынан табылды. ​Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. ​Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ерекше баланы іздеуге 500-ден аса адам жұмылдырылды. Кешелі-бері ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар