Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рекорд: Тимур Құлыбаев Құлсарының 984 тұрғынына 30 миллиард теңгеден ақша аударды

19:35, 06 маусым 2024 3531

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары халқына Тимур Құлыбаев қомақты қаражат аударды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

ОЛ өзі құрған "Халық" қорынан 30 миллиард теңге аударды. Көмекке зәру 984 адам анықталып, азамат-азаматшалардың есепшоттарына аударылды.

Құлыбаевқа Құлсары қалалық жергілікті орган көмекке мұқтаж жандардың тізімімен бөліскен. Тез арада жүзеге асқан бұл қайырымды іс жеті күннің ішінде халық қалтасына түсті. 

«Мен «Халық» қайырымдылық қорының зардап шеккендерге ақша бөліп жатқанын естідім. 21 мамырда банк қызметкерлері шотыма ақша аударды. Енді ол ақшаға үйімді қалпына келтіргім келеді»,- деді Құлсары қаласының тұрғыны Галина Қаражанова Orda.kz тілшісіне .
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар