Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақыл жоқ кезде үйлену керек": Ұлықпан Жолдасов неге кәмелет жасқа толмай үйленген? (Видео)

11:15, 15 қараша 2024 1265

Белгі композитор Ұлықпан Жолдасов "Қазақстан" Ұлттық арнасына берген сұхбатында ерте бас құрағанын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, адам "ақылы жоқ" кезінде үйленуі керек дейді. 

"Үйдің кенжесімен, өзім 17 жасымда үйлендім. сол жасымда жұмысқа кірдім. Ол кезде норма болатын. Қазір оқиды, тоқиды, жағдайын жасайды, сөйтіп жүргенде қартаяды, қыз жақпай қалады" дейді әнші.

Композитордың айтуынша, Ұлықпан Жолдасов бір рет кездесіп үйленіп кеткен.

"Ерте үйлену керек адам, бір көресің де ғашық боласың, ақылың жоқ, үйің бола ма, болмай ма, шаруаң жоқ, үйленесің де кетесің" дейді ол.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?