Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясын кім сатып алуы мүмкін?

12:20, 04 қараша 2023 141
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясын қазақстандық инвестор сатып алатыны айтылды, деп хабарлайды alash.kz.


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын мәлімдеді.

«Қазір біз компанияның атын атай алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен сатып алатын қазақстандық инвестор болады», - деді ол.

Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптегі қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол.

Компания басшылығы Костенко атындағы шахтада 28 қазаннан бастап жұмыстың барлық түрі тоқтатылғанымен, кеншілердің табыс деңгейі төмендемейтінін айтты.

1-27 қазан аралығындағы жұмысшыларға еңбекақы толық төленеді. 28 қазаннан 31 қазанға дейін жұмыс тоқтатылған кезде орташа жалақы көлемінде төлемдер жүргізіледі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?