Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нарман Құрбановақа Ұйғыр аудандарының тұрғындары ерекше құрмет көрсетіп, кәсіпкерлер көлік мінгізді

12:05, 22 қыркүйек 2024 104

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шоңжы ауылының тұрғындары құрмет көрсетіп, спортшыны ерекше салтанатта күтіп алды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы. 

Нариман Құрбановқа көрсетілген құрмет жайлы  b1rinshibol парақшасы жазды.

Нариман Құрбанов пен жұбайы Аида Бауыржановаға және әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбановқа жергілікті тұрғындар ерекше құрмет көрсетті. Олар ұйғыр халқының ұлттық киімін киіп, музыкалық аспабында ойнады. Кәсіпкер Кинталь Исламов өз атынан спортшыға көлік мінгізді. Әкесіне сәйгүлік сыйлады.

Бұған дейін Алматының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері отандық спортшыға 2 бөлмелі пәтерге сертификат табыс еткен болатын.

Оның алдында қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласынан екі пәтер берген. Оның біреуін әкімдік, екіншісі демеушілердің есебінен болды.

Айта кетейік, жақында Нариман қазақ қызы Аида Бауыржановаға үйленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?