Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Артаев Олимпиададан соң «Нұр Отанның» насихатын жүргізгенін айтты

14:09, 29 наурыз 2024 306

Боксшы Бақтияр Артаев «Бірінші бол» YouTube-каналында «Нұр Отан» партиясын қалай насихаттағанын айтып берді. 

Спортшының сөзінше, ол партия қатарына қалай кіріп кеткенін өзі де түсінбей қалған.

«Әбден шаршап елге келдік. Ұшақта ұйықтап қалғам. «Тұр-тұр» деп оятты, көзімді ашсам ұшақта менен басқа ешкім жоқ, бәрін түсіріп жіберіпті. Мені жалғыз өзімді әдейі алып қалған ғой. Бір қарасам үстімдегі футболканы шешіп, басқасын кигізіп жатыр. Қарасам алдында «Нұр Отан» деген жазуы бар. Сомен алты ай бойы «Нұр Отанды» агитация жасап жүріппіз», - деді Артаев 1bol.kz-ке.

Айта кетейік,Бақтияр Артаев Афины Олимпиадасының чемпионы және Вэл Баркер кубогінің иегері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар