Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскердегі былық: Тағы да бір әскери қызметкер өзіне оқ атты

12:59, 17 қыркүйек 2024 825

Арыс қаласында әскери қызметкердің ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Liter.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілік кезінде орын алған.

"Контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген Арыс гарнизонының бір әскери бөлімінде қызметкер травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол тұрмыстық кикілжіңнің салдарынан өзіне қол жұмсамақ болған.

Әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр," - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сәйкес, оның жағдайы ауыр, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар