Астана әуежайының басшылық қызметіне өзге ұлт өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеген болатын.
"Қазақстан Үкіметі кеңсесінің келісімі бойынша, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы болып Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды", - делінген комитет хабарламасында.
Ерғазы Әбірұлы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.
Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан аса тәжірибесі бар. Ол әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Emirates, British Airways, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында жоғары лауазымдарда жұмыс істеген.
ААК 2023 жылдың қарашасында Астана әуежайы Terminals Holding (БАӘ) сенімді басқаруына берілгенін түсіндірді.
2024 жылдың 1 мамырынан бастап инвестор жеке инвестиция арқылы 20 жылдан аса уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуді бастауды жоспарлап отыр.