Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы LRT пайдалануға қашан беріледі?

14:39, 24 қазан 2024 291

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді, деп жазады Alash.KZ.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылар ағыны күтіледі, бұл ретте жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін.

Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау негізінде жүзеге асады, ал көлік ешқандай жүргізушісіз жүреді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?