Қызылордада әйел адам түрмеден оп-оңай қашып кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Таңғы сағат 04:00 шамасында тергеу үшін қамауға алынған әйел оны күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, қашып кеткен. Ол төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы қашқан. Кейіннен әйел ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.