Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атайын десең – аң емес, сояйын десең – мал емес: Қазақ балаларының ит боп жүруіне депутат алаңдаушылық білдірді

18:03, 06 қараша 2024 1028

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев квадробер салдарынан бала адам болудан қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Балалардың бұл трендтен қалмай жүргені жай әзіл емес, қорқынышты бастама екенін айтты.

“Квадроберлер дегеніміз кім? Қарапайым тілде айтсам, олар адам болудан бас тартып, күнделікті өмірде өздерін жануарларға теңеп, төрт аяқтап жүріп, жануар кейпіндегі бетпердемен жүреді. Итше, мысықша өмір кешіп, соларды дыбыстайды. Бұл еліміздегі балалар мен жасөспірімдерге төніп тұрған қатер. Мәшһүрше айтқанда “Атайын десең – аң емес, сояйын десең – мал еместің”  дәл өзі” дейді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?