Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіріп жатыр

13:53, 25 мамыр 2024 1229

Атырау обылысы Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешіміне сай Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды. Тасқын су аймақ тұрғындарын әлі сергелдеңге салып тұр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты мұндай толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің #1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін де, Талдыкөлде 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын. 

Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғын толық эвакуациялануда. Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар