Не үшін қауіпсіздік шарасы қабылданғаны да белгілі болды.
Атырау қаласында өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Alash.kz Halyq.Uni
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, И.Тайманов көшесі бойындағы 9 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз жанды.
ТЖД күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай 12 шаршы метр алаңда сөндірілді. Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
ТЖМ «түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болыңыз, ащы түтінмен бірнеше рет тыныстау адамды өлімге әкелуі мүмкін» деп ескертеді.