Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауған соғысы ардагерлерін еске алу турнирі өтті

09:17, 28 ақпан 2023 236
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бижанов ауылында дзюдодан облыстық турнир өтті. Интернационалист жауынгерлер күніне орай және Ауған соғысында қаза болған ардагерлерді еске алуға арналған турнирге 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер қатысты.



Жалпыкомандалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылының балуандары топ жарды. Панфилов, Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ ауданы және Талғар қаласынан балғын балуандар келіп турнир көрігін қыздырды.

Кикбоксингтен әлем кубогының жеңімпазы, Еуразия, Азия чемпионы, Шелек ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Елмұрат Қайыпжановтың мұрындық болуымен өткізілген турнир чемпиондары мен жүлдегерлеріне медаль, диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

Қуан Қазақ,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Бижанов ауылы

Фотоға түсірген Сержан Жиренбай

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар