Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ЖАСТАРМЕН БІР ТОЛҚЫНДА

06:30, 01 наурыз 2023 274
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының бағыттарының бірі дәл осылай аталады.

 Сайлауалды бағдарламаны қамтитын  осы және өзге де негізгі бағыттар «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Trends. Bir Tolqynda» деп аталатын алаңда талқыланды.



Шарада спикер ретінде «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулет Кәрібек, Дидар Смағұлов, Динара Садвакасова және Ақерке Искандерова сөз сөйледі.

Партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың  партия берген уәделердің іске асырылатын шағында  басы-қасында жастар жүруі керектігін атап өтті.

 «AMANAT» партиясының тізімінде 90 адам бар. Оның 32,2 % әйелдер мен жастар. Жастар квотасын толық игеруіміз керек. Мәжіліс пен мәслихатта  жас буынға берілген заңды орындарын иеленулері керек. Партия жастармен бір толқында. Қазақстан – тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген, ескі түсініктерден ада, ойлау көкжиегі кең жастар елі. Сондықтан сіздердің дауыстарыңыз дер кезінде естіліп, пікірлеріңіз үлкен деңгейде шешім қабылдауға ықпал ете алуы тиіс.



«AMANAT» партиясы – жастар үшін әділ әлеуметтік саты қалыптастыру міндетін өз мойнына алады. Біз шығармашылық бастамалар кеңістігін дамытып, жасампаз индустрия үшін құқықтық, ресурстық кадрлық база құратын боламыз. Жастардың бастамаларын қаржыландыруды ұлғайтамыз, волонтерлікті қолдаймыз, сапалы демалыс үшін жағдай жасаймыз»,- деді атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаев.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дәулет Кәрібек:

«19  наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы кезекті сайлау емес, мемлекетіміздің дамуы жолындағы маңызды қадам. Елімізде жүріп жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Осы тұста «AMANAT» 75 пайызға жаңарған тізіммен сайлауға түсуде. Олардың ішінде бетке ұстар жастарымыз да көп. Біздің сайлауалды бағдарламамыз 5 жылға арналған нақты жоспарлар кешені. Осы 5 жылда сіздер ең алғашқы жұмыс орындарыңызға тұрасыздар, отбасы құрып, бірінші үйлеріңізге қаржы жинап бастап, алғашқы көлікке ие боласыздар. Атап өткен  5 жылдық жұмыс жоспарларыңыз біздің партияның бағдарламасында толық қарастырылған»,- деп тоқталды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дидар Смағұлов:

«Біздің алға қойған басты міндеттеріміздің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. Оның алдын алу үшін жаңа заңдар мен қағидалар керек. Осы айтылғандарды Парламент аясында көтеріп, жемқорлықтың салдарын жоюға дайынбыз. Ұлттық экономикамыздың дамуына кедергі келтіретін жүйелік ақаулардан тазартылуы керек. Бұл туралы партияның сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілген. Халық пен билік арасында ашықтық пен риясыздықты қамтамасыз ету үшін жұмыс жасаймыз».



Сонымен қатар, шараны қолдап қоғам мен әлеуметтік желіде танымал азаматтар да қатысты. Олардың ішінде жастардың арасында танымал актер, әншілер Мансұр мен Қобыланды, «Түнгі студия» бағдарламасы жүргізушілерінің бірі, әнші, актриса Салтанат Серкебаева, спортшы Айтым Жакупов, танымал Жайдарманшылар және «Ou house» тик-ток хаусының мүшелері болды. Кездесу соңы аты айтып тұрғандай «жастармен бір толқында» болып, түрлі ұсыныстар мен бастамаларға жалғасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша дәл осындай форматтағы «Рухтастар Trends. Bir Tolqynda» алаңы еліміз бойынша 17 облыс пен 3 қалада өтуде. Шараға аймақтағы көшбасшылар мен танымал тұлғалар, қоғамдық штаб мүшелері жұмылдырылған дейді Жастар қанатының өкілдері жұмылдырылған.

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар