Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әуре болмаңдар!": Азамат Сатыбалды өзін айыптағандар мен сынаған топқа ескерту жасады

10:09, 22 шілде 2024 855

"Қазақфильмнің" дауына байланысты киностудияның басшысы актер Азамат Сатыбалды жауап берді деп хабарлайды Alash.KZ. 

Азамат Сатыбалдының айтуынша, киностудияның басшысына айтылған сын жалған ақпарат көрінеді, актер үлкен мақала дүйсенбі күні шығады депті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Азамат Сатыбалдыға тағылған айыптардың арасында ұжымның бір жылдан бері айлық алмай жүргені, "Алтын адам" жобасы бойынша да ақша төленбегені және басқа да тақырыптар жазылған болатын.

Сатыбалды өзінің жауабын бірнеше тақырыпқа бөлген:

1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр.
2. Бұл, Алтын адам жобасының шығармашылық тобы.
Айлық емес, қаламақы. (Гонорар)
3. Жоба, 2019 жылы басталған. Бес жыл созылып бітпей келе жатыр.
Соңғы мерзім бойынша 2023-те біту керек екен.
4. 90% ақшасы төленген.
5. 10% пайызы қалған.
6. Бұл жоба, ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы.
7. Қазақфильм орындаушы орган.
Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр.
8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар.
9. Содан кейін, сот процесі басталды.
10. Бұл жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін.
11. 20-шы маусым күні, ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді.
Жобаның режиссері мен авторлары, қол алысып келісті.
12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті.

Бұл жерде, жобаға қатысы жоқ мені және Қазақфильмді кінәләу дұрыс емес.
Қазақфильм де жәбірленуші. Қалай болмасын, “Алтын адам” жобасы жарыққа шығады. Шығармашылық топ қаламақысын алады. Соған сәл уақыт және сабыр керек.

Осыны пайдаланып, пиғылы басқа және бұл жобаға дым қатысы жоқ, осыны ұйымдастырған белгілі бір топқа айтарым: "Абыройды беретін Жаратқан және алатын да Жаратқан". Әуре болмаңдар!" депті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар