Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азаматтар Конституциялық сотқа қандай мәселе бойынша жүгіне алады

03:43, 22 ақпан 2024 392
Азамат Конституциялық Сотқа жалпы юрисдикциялы соттың құқықтық актінің белгілі бір нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесі бойынша ғана жүгіне алады.

«Құқықтық актілердің нормаларын түсіндірме алу үшін азамат белгілі бір қызмет саласында реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіне алады («Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабының 4-тармағы). Сонымен қатар, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес әрбір азамат адвокаттардан, заң консультанттарынан және заң көмегін көрсететін басқа да тұлғалардан заңгерлік кеңес ала алады», - деп хабарлайды Конституциялық соттың баспасөз қызметі.

Негізгі заңның нормаларын ресми түсіндіру бойынша тек Президент, Сенат пен Мәжіліс төрағалары, Парламент депутаттары (олардың жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі), Премьер-Министр мен Бас прокурор Конституциялық Сотқа тиісті сұрау салу арқылы жүгінуге құқылы (Конституцияның 72-бабы).
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар