Ақтауда жасөспірімдер аутизмге шалдыққан баланы соққыға жыққан. Оқиға 10 қазан, күні кешкі сағат 19:30-да 13-ші ықшам ауданында болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Баланың әжесі оқиға жайын баяндады:
«Бала аутизмге шалдыққан. Дұрыс сөйлей алмайды. Ауладағылардың бәрі оны біледі, бірге ойнайды. Сол күні ол аулаға шыққан. Ұрған балалар басқа ауладан келген болуы керек. Көзілдірігін шешіп алып, ұрған. Баланың көзі нашар көреді. Қазір бала психологиялық қиын жағдайда», - дейді баланың әжесі.
Зардап шеккен баланың жақындары куәгерлерден сол күні не болғанын айтуды, көмек көрсетуді сұрайды.