Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балабақша бітіргендерін балалар лимузинге мініп дүркіретіп тойлаған (ВИДЕО)

15:29, 28 мамыр 2024 1049

Балабақша бітіргендерін атап өткен бүлдіршіндердің видеосы желіде қызу талқылануда. Олар лимузинге мініп, балабақша бітірулерін дүркіретіп тойлаған, деп хабарлайды Alash.kz.

Видео Zhanaozen_online парақшасында жарияланған. Бейнежазбада бүлдіршіндер бірдей көйлек,лента,бантикпен отырғаны олардың ұзақ дайындалғанын байқатады.

Видео астындағы пікірге халық “аста төк ысырапшылдыққа ата-аналардың өздері жол береді” деп жарыса жазып жатыр. 

"Бұлай жасауға болмайды. Балалар дайын дүниеге үйреніп алады да, кейін нағыз өмірге дайын болмай шығады".

"Олар 11 бітіріп жатқан жоқ қой, бұлай жасаудың қажеті қанша?"

"Мектеп бітіргенде ұшақ жалдайтын шығар, ата-аналарының ақшасы қалтасына сыймай жүрген болар" деп жазысты желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?