Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаева «Қазақфильмнің» абыройын қайтарғысы келеді

08:19, 15 ақпан 2024 259
Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева министрліктің алқа отырысында «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдау көрсету жұмысы басталатынын мәлімдеді.
Қөпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ — «Қазақфильмнің» қазіргі жай-күйі. Мен министр ретінде «Қазақфильмнің» халықаралық киноиндустриядағы бұрынғы даңқы мен статусын қайтаруға мүдделімін. Бұл — біз үшін жауапты іс әрі қастерлі міндет. Бұған қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасы тиісті деңгейде жүзеге асуда.

Кім, қаншалықты Қазақфильмнің болашағына күмәнмен қараса да, біздің айтарымыз біреу — Қазақфильм қатардағы киностудия емес, бұл біздің тарихымыз, рухымыз, ұлттық киномыздың келешекке деген үкілі үміті. Сондықтан да оны сақтап қана қоймай, қарыштап дамуын қамтамасыз етеміз», — деді Аида Балаева.

 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар