Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларды ұрлап, шетел асыратын қылмыскерлер тобы қолға түсті

16:50, 25 қыркүйек 2024 625

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері балаларды шетелге сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz-қа сілтеме жасап.

Құрықталған топ Қырғызстан мен басқа елдердің азаматтарынан тұрады. Оның мүшелері балаларды заңсыз асырап алып, кейіннен сату мақсатында оларды елден шығарумен айналысқан. 

 

«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған қылмыстық ұйым әртүрлі айлаға салып, пара беру және РҚ заңнамасын бұзу арқылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан РҚ азаматтарының балаларына толық қамқоршылық жасау құқығын алғаны анықталды» делінген Қырғызстан ҰҚКК мәлімдемесінде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?