Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батысты су шайып біткенше Бишімбаевтың сотын тамашалайық - актер

16:45, 02 сәуір 2024 1672

Танымал актер Еркебұлан Дайыров өзінің instagram-парақшасында  елімізде орын алған соңғы жағдайларға байланысты өз өкпесін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз.

Бұрын мектепте, сыныптың ремонтына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына.

Әзір, міне, Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға атсалысатын болдық. Кейде маған біздің халық апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын арып-ашыған КӨКБӨРІНІ елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау… – дейді ол.

Дайыровтың айтуынша, күнде өтіп жатқан жиыннан нәтиже жоқ.

Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген. Бәрі бір Аллаға аманат!

Бұл запыраныма да уақыт бөліп оқындарыңызға рахмет!

Батысты су шайып біткенше Бишембаевтың онлайын сотын тамашалайық ағайееен… – деп жазды актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар