Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Баянның күйеуін Сатыбалдының әйелі қалай шырылдатты?

15:41, 16 наурыз 2023 235
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының сотында Тұрсынғали Алагөзов түсініктеме берді. Ол 2018 жылы бизнесін Сатыбалдылардың қалай тартып алғанын баяндады.

Т.Алагөзов бизнесін 2000-жылдары бастаған. Galanz Bottlers АҚ деген компания құрып, шаруасын дөңгелетіп жатқан. Алайда, кейіннен шаруасына «көлденең көк аттылар» араласып, рейдерлік жасаған. Шығынның көлемі 6 млрд теңгеден асыпты.

«Мені өз бизнесімнен аластатқан соң құқық қорғау органдарына рейдерлік бойынша арыз жаздым. Одан кейін заң компаниясына мені Galanz Bottlers АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағалығына қайта тағайындату туралы өтінішпен шықтым.

Рейдерлік бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу 1,5 жылға созылды. Өзім сенім білдірген заңгерлер компанияның қалған 43,25% акциясын өздерінің атына жазуды ұсынды. Осылайша Бердіқұлов пен Рифшановтың атына акцияларды жазып бердім», – дейді Т.Алагөзов.

Бизнесменнің мәселесі мұнымен шешілмепті. Оның айтуынша, 2018 жылы оған заңгер Бердіқұлов хабарласып, Қайрат Сатыбалды акцияны түгелдей бұрынғы әйелінің атына аударып беруді талап еткен.

Бұл туралы Алагөзов былай дейді: «Гүлмира Сатыбалды қоқан-лоққы жасады, рейдерлік бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды талап етті.

Мен Гүлмираның өзімен сөйлестім. «Бұл менің отбасылық шаруам, бұрынғы әйеліммен мәселені өзім шешем, араласпаңыз» дедім. Мұны бірнеше рет сұрадым. Ол мені тыңдаған жоқ. Ақырында келісуге мәжбүр болдым. Өйткені мемлекеттегі басты адамдармен күресуге әлім келмейтін еді».

Ақыр соңында Т.Алагөзов компания акциясының бәрін Гүлмира Сатыбалдыға аударып беруге мәжбүр болыпты. Сату-сатып алу бойынша құжат жасалып, әр акция 1 теңгеге бағаланған.

«Ол кезде әр акцияның нарықтық құны шамамен 200 теңге еді», – дейді Т.Алагөзов.

Естеріңізде болса, өткен жылы Баян Алагөзова мәлімдеме жасап, күйеуінің бизнесін «отбасы мүшелері» рейдерлікпен тартып алғанын айтқан еді. Осыдан кейін көп ұзамай, 16 наурызда Г.Сатыбалдыны Астанада ұстады. Сол кезде оның «шетелге қашпақ болғаны» анықталды.

Г.Сатыбалды кінәсін мойындаудан толықтай бас тартып отыр. Бірақ оның сыбайластары қылмысын ішінара мойындаған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар