Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан медицинасының қызығын орыстың кемпір-шалдары-ақ көреді

10:23, 16 наурыз 2023 230
Қазақстан медицинасының қызығын орыстың кемпір-шалдары-ақ көрді. Таңның атысынан кештің батысына дейін бірін-бірі сүйреп емхана жағалап жүреді. Қашан көрсең дәрігерлермен айғайласып, құқығын айтып құқай көрсетіп жатқандары.
Жандары сондай тәтті: ұйықтай алмаса да, жаман түс көрсе де, дәрігерге келіп қырық жылғы қырық ауруын айтып, тегін анализ өткізіп, тегін дәрі алып жатады. Недеген батпан құйрық осыларға?
Біздің әке шешелеріміз басы ауырса да, балтыры сыздаса да, ыстық шай ішіп бір терлеп алып шауып жүре береді ғой. Тегін дәрі түгілі, қандай медициналық көмектің барын білмейді. Ал аналар бәрін біледі, тіпті дәрігерлердің жағасынан алып "маған неге ана дәріні, ана витаминді бермейсің? Ол заң бойынша бізге тегін берілу керек" деп праваларын тықпалайды.
Ауырмаса да, дәрігерге күнделікті бір келіп кететіндері де бар. Қолдары бос, туыс-туғанға бармайды, іші пысқан соң дәрігерлердің жүйкесін тоздырып жүргендері. Медицина қызметкерлері де әбден зәрезеп болған. Екі жылдан бері бұларды күнде көріп, мен де ығыр болдым.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар