Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байқоңыр балабақшаларындағы азық-түлік пен ыдыстардан ішек таяқшасы табылды

20:42, 10 шілде 2024 616

Байқоңыр балабақшаларында тамақ пен ыдыс-аяқтан ішек таяқшасы табылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп.

"Байқоңыр қаласының үш балабақшасында тамақ өнімдерін (ыдыс-аяқ, нан кесетін тақта, шикі көкөністер, үй кеспесі) микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ішек таяқшалары тобы анықталды", - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас дерек Сырдария ауданының балабақшасында тіркелген.

Прокурорлар балабақшалардағы санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы талаптардың 500-ден астам бұзылуы туралы баяндайды. Шиелі ауданындағы балабақшалар санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыға қарамай жұмыс істеген.

Жалағаш ауданының екі балабақшасында балаларға берілетін печенье мен қаймақтың жарамдылық мерзімі өтіп кеткені айтылды.

Қызылорда, Байқоңыр қалаларының, сондай-ақ Сырдария, Қармақшы және Жалағаш аудандарының балабақшаларына келмеген (ауру туралы анықтама, ата-анасының өтініші болмаған) балалар қаржы жұмсалған. Нәтижесінде бюджеттен 22 млн. теңге мөлшерінде қаражат негізсіз төленген.

Сырдария ауданында жалған дипломдары бар 11 тәрбиеші анықталды.

"Материалдар арыздарды, хабарламаларды есепке алу кітабында тіркелген және Сырдария ауданының ББ тергеу жүргізу үшін жіберілген", - деп хабарлады прокурорлар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар