Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бектенов өнеркәсіп саласының 180 ірі жобасын іске асыруға тапсырма берді

14:08, 28 мамыр 2024 408

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінде Өнеркәсіп министрлігіне бірқатар тапсырмалар берді.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмалары:  

Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет.

Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек.

Отандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттелді.

Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге осы механизмді өнеркәсіптің барлық негізгі салаларында қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтау тапсырылды.

«Самұрық-Қазына» холдингі мен өңір әкімдіктеріне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейтуі қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар