Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бергей Рысқалиев Назарбаевты Лондоннан тауып алды

05:54, 19 ақпан 2022 270

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Лондондағы қымбат үйлерінің бірі One Hyde Park алдында болжам бойынша тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оққағарларын видеоға түсіріп алды.

Бұл туралы видеоны Бергей Рысқалиев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Қасында жиналған жұртшылықпен бірге айқайлап, Нұрсұлтан Назарбаевтың шығуын талап етті. «Назарбаев – ұры! Назарбаев – Қазақстанның жауы!» деген ұрандар айтылды.

– Мына жерде диктатор Назарбаев өз қазақтарынан қашып келді. Бұл қазақтың жауы. Ол – нөмірі бірінші ұры. Оны біле беріңіздер. Себебі, бұл сиякты ұры Қазақстаннан 200 миллиард ұрлап кеткен. Екі буын қазақтарды тақырға отырғызған. Бұндай ұры дүние жүзінде жоқ. Өз қазақтарынан қашып, 50 оққағарымен бірге қазір ғана қашып кетті, – деді Бергей Рысқалиев.

Еске салсақ, Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдар аралығында Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы экс-әкімге аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын.

Тергеу бес жылға созылып, 2019 жылы қазақстандық сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы, мәжілістің экс-депутаты Арманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Екі үкім де сырттай шығарылды.

2020 жылдың жазында қазақстандық сот Бергей Рысқалиевтің отбасы мен жақындарынан тәркіленген мүліктің «бір бөлігін» қайтаруды бұйырды. Рысқалиевтің мүлкін қайтаруға қатысты кассациялық шағымын Қазақстанның Бас прокуратурасы беріп, оны Жоғарғы сот тез арада мақұлдады.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар