Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Құлыбаевтың комитетін мемлекеттік қаржыландырудан айырды

03:56, 18 ақпан 2022 243

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 1 сәуірден бастап Ұлттық Олимпиада комитетімен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұдан былай спортшыларды жарыстарға дайындау үшін Олимпиада комитетін қаржыландырмайды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы спорттық-қаржылық күнтізбеге сәйкес, 1 сәуірге дейін барлық еңбек шығындары, соның ішінде келісім-шарт бойынша, кеңсе және қойманы жалға алу, банк қызметтері, федерация қызметтері, сыртқы іс-шаралар бойынша шығындар өтеледі. Басқа шығындар қаржыландыруға қабылданбайды.

«Бүгінгі күні Комитет келісімді орындау аясында алдын ала 800 миллион теңге аударды. Қалған шығындар аяқталғаны туралы сертификат алғаннан кейін өтеледі» делінген хабарламада.

Спорт комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Бірақ Ұлттық Олимпиада комитеті оны растамады да, жоққа жа шығармады.

2015 жылдан бері Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев атқарды.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар