Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бетін күйік шалған қазақ қызы өзін еш жер жұмысқа алмайтынын айтып ренжіді

19:39, 27 тамыз 2024 503

Әлеуметтік желіде сыртқы келбетінің келісті еместігінен жұмысқа тұра алмай жүрген бойжеткен мұңын шақты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қыздың бетін күйік шалғаны белгілі болдв. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Мені ешкім жұмысқа алмайды. Не себепті екені түсінікті шығар. Бірде мен жұмысқа тұру үшін хабарласқанда оларға бетімді күйік шалғанын, тыртық іздері барын ескерттім. Олар не болса да келуімді айтты. Таңертең барғанымда “Бара беріңіз, үйге қайтқаныңыз дұрыс” деп шығарып салды. Әрине, қызметкердің сымбатты болуы керек екенін білемін және түсінемін. Бірақ адамдарды бұлай шеттету дұрыс емес деп ойлаймын, – дейді желі қолданушысы.

Бетінің күйік шалғанына енді кімді кінәларын білмей дал. 

Жұмыс іздеп сөйлесіп, хабарласқанда жүзімде күйік іздері барын айтамын. Олар бірден қабылдай алмайтынын айтады немесе мүлдем жауап бермейді. Қазіргі заманда күйік іздері, тыртығы бар адамдарға жұмыс табу қиын. Қоғамдық тамақтанатын орындарда адам көп болатынын және онда түрлі адам жүретінін түсінемін. Бірақ адамдар адамгершілікке салып, бір-бірінің жағдайын түсіну керек деп ойлаймын. Бетімдегі тыртықтарда тұрған ештеңе жоқ деп санаймын. Менің қол-аяғым сау, жұмыс істей аламын, сөйлеймін, естимін, – дейді ашынған желі қолданушысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар