Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір жасың құтты болсын!": Амал көрісу дегеніміз не және оны қалай тойлайды

09:18, 14 наурыз 2024 480

Қазақ жерінде 14 наурыз күні "Амал" мерекесі тойланады. Әсіресе Маңғыстау, Атырау өңірлерінде және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аймағында бұл мейрамды атап өту дәстүрі бұрыннан сақталған. Бұл жазбамызда "Бір жасың құтты болсын!", "Амал мерекесі құтты болсын!" - деп ізгі тілек айтатын, өкпе-ренішті ұмытатын көрісу күні жайлы ақпараттар ұсынамыз. 

Амал мерекесі жайлы не білеміз? Амал мерекесі жайлы ғалымдардың пікірі әр түрлі. Көрісу күнін зерттеп жүрген ғалымдардың біразы бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп айтып жүр. Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыс айларында бір-бірін көре алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып көріскен.

Көрісу жайлы жазылған ақпараттардың бірінде қыстан аман шыққан адамдардың саулық сұрасуы дәстүр боп сақталып қалса керек делінеді. Ал кей ғалымдар бұл дәстүрдің шығу төркінін күнтізбенің ауысуымен байланыстырады: Тарихи деректерге сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізді. Алайда екі күнтізбенің айырмашылығы 13 күн болып қалған. Осыған орай 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі негізге алсақ, 1 наурыз 14 наурызбен сәйкес келеді. Бұл күн жылдың басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар