Шынында да, президенттің бұл шешімі дұрыс. Кезектен тыс сайлау өтуі де орынды. Меніңше, 7 жыл аз уақыт емес, сол аралықта да талай істі атқаруға болады. Осы мерзім ішінде Президент өзінің барлық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға, Қазақстан халқының жалпыұлттық дамуы мен әл-ауқаты жақсартып, табысты команда қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті уақыт.
Еліміз талай формациядан өтті. Сондықтан жаңа үкімет бәрін жаңадан бастауы керек. Осыған біз, бәріміз атсалысуымыз тиіс. Ол үшін әрбір қазақстандық өз жұмысын дұрыс атқарып, жұмыс істеп, өсіп келе жатқан ұрпағын дұрыс тәрбиелесе, елмізге жасаған жәрдемі сол болады.
Енді айтарым, Астана операсы бұрын Күләш Бәйсеитованың атында еді, соны қайтарса деген тілегім бар. Ұлы адамды ұлықтауымыз керек. Елдің әл-ауқаты, әдебиеті, мәдениеті, әлеуметі түзелмей ел болмаймыз. Осыны ұмытпапйық!
Асанәлі Әшімов,
Қазақстанның Халық әртісі