Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір үйде 3 өлім: Ер адам өз әйелі мен жаңа туған сәбиін пышақтап өлтірді

09:30, 27 қараша 2024 689

Өзбекстанда ер адам әйелі мен жаңа туған қызын пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға сағат 13:00 шамасында Қітаб ауданының «Ақсу» махалласында болған. 1998 жылы туған ер адам 1996 жылы туған жұбайы мен 2024 жылы туған қызын ас үй пышағымен өлтірген.

Бұл әрекетке оның психикалық жағдайының өзгеруі себеп болғаны хабарланды.

Қылмыстан кейін ер адам асылып қалған.

Марқұм күдіктінің 2006 жылдан бері облыстық психиатриялық аурухана тізімінде тұрғаны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар