Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біз тарихи келісімге қол қоямыз". Қазақстан - Қырғызстан қарым қатынасы қалай дамиды?

13:17, 19 сәуір 2024 608

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ең алдымен, шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз үшін Садыр Нургожоевичке шынайы алғысымды айтамын. Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Қырғызстан — біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға негізделген. Осындай бастауы бар қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы екі ел одақтастық байланысты нығайтуды қолға алғанын атап өтті.

«Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан үлкен үмітпен қарап отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз», — деді Қазақстан Президенті.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды. 

Кеше, 18 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.

Сондай-ақ, елордада Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қырғызстанның мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар