Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Боранбаев тынды. Келесі кезек Құлыбаев па?

10:27, 23 тамыз 2023 163

Экс-құданың эпопеясы осымен тәмәм. Қайрекең Жаңа Қазақстанмен компромиске келді. Мәміле нәтижесі: Боранбаев 1,5 млрд долларға бағаланған мал-мүлкін елге қайтарады.




Ақша аз күнде ҚаржыМиннің есеп-шотына транзакцияланып, әрі қарай халықтың қажетіне жұмсалады. Бұл ақшаны Kaspi депозитке салып қойса игі болар еді, негізі))



Осы күнге дейін тағылған айыппен келіспей, айтысып-айқасып келген Қайрекеңнің амалы таусылған сынды.




Айтысқандағы аргументіне ел иліккен жоқ. Активінен айырылмау үшін сан қилы манипуляцияға барды. Орыстілді блогерлер мен телеграм каналдарды пәшкі-пәшкісімен сатып алды. Өзін "изгой" ретінде көрсетуге тырысты. Онысы аса сәтті шыққан жоқ.


Барымта-сырымтамен келген актив қалай келді, солай кетті.



Бұл әулеттің өзге өкілдері үшін қауіпті сигнал. Құлыбаев бастаған күйеубалалар байыз таппай жүр дейді...




Ал Қайрекең "қолды болған активті елге қайтару науқанының" алғашқы құрбаны ретінде тарихта қалмақ.




"Ұрлық түбі қорлық" деген қазақтың мақалы бұдан былай Боранбаевпен ассоцияциялантын болады.




Потенциалды жемқорлар қазынаға қол салмай тұра он ойланып, жүз толғанады.



Тоқаевтың жеті жылы да сырғып өтіп жатыр. Алда алты жылы қалды.



Осы мерзім әулет өкілдерінің мыңғырған миллиондарын елге қайтаруға артығымен жетіп тұр.

Думан БЫҚАЙ

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?